Облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайында "Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өтті
Облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайында "Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, қоғам қайраткелері. Қонақтар балалар - жасөспірімдер ұйымының жаңа мүшелеріне галстуктар байланды. "Жас Ұлан" , "Жас Қыранға" қабылданған оқушылардың арасында Павлодар қаласының № 2 ЖОМ оқушылары болды. Олар: 2 "А"-сынып оқушылары Ғалым Нұрасыл,Талғатбек Әлішер, 5 "А"- сынып оқушылары Сатенова Данель, Тезекбаев Мадияр, 5 "Ә" - сынып оқушылары Олжабай Айзара, Достов Айзат, 5 "Б" - сынып оқушылары Байканова Тамирис,Ахмедеева Мадина. Оқушыларымызға сабақтарын үздік оқып, егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларына тілектеспіз. Оқушылардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.