Жедел жәрдем станциясының көрсеткен «Алғашқы көмек» практикалық жұмысы
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының тапсырысымен 2019 жылдың 6 қарашасы күні №2 жалпы орта білім беру мектебінде «Жедел жәрдем» станциясының дәрігері Гапченко Н.И. «Алғашқы көмекті көрсету» бойынша практикалық жұмыстар көрсетті. Бұл шараға барлығы 32 адам қатысты. Оның ішінде мұғалімдер-10, мектеп медбикесі-1, оқушылар-21. Жедел жәрдем қызметкерлері жасанды тыныс алдыру, қан кетуді тоқтату, сынықты байлау, жарақатты таңу сияқты үлгілерді көрсетті. Қатысушылар өздеріне қажетті көптеген мәліметтер алды.