«Ынтымақты отбасы» сайысы өтті
№ 2 ЖОМ-да 07.11.2019 жылы тұрғылықты халықтың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Ынтымақты отбасы» сайысы өтті. Балалар үшін дұрыс тамақтану – денсаулық және интеллектуалды даму мен шығармашылық қабілеттіліктің кепілі. Сол себепті өскелең ұрпақтың салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру-өз денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтиятты қарайтын облысымыздың дені сау ұрпағын тәрбиелеу болып табылады. Тағамның пайдалы қасиеттерін мейлінше сақтай отыра тағам дайындау- байқаудың басты шарты болды. Балалар ата-аналармен бірлесіп тағам дайындады. Нәтижесінде «Ағзаға пайдалы тағамдарды дайындау технологиясының» үлгісі көрсетілді.