Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ақынын ұлықтаған ел бақытты»
09-11-2019 17:09
«Ақынын ұлықтаған ел бақытты»

8 қараша күні № 2 мектептің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында  оқушыларды Ертіс өңірінің қазіргі заманғы ақындары мен жазушыларының шығармашылығына тарту арқылы ұлттық бірегейлікті дамыту, олардың әдеби мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу мақсатында «Ақынын ұлықтаған ел бақытты» әдеби сазды кеші өтті.            

      Кешіміздің қонақтары: Арман Қани Бахтанұлы – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Павлодар қаласы мен Баянауыл ауданының Құрметті азаматы; Шолпан Байғалы - талантты ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Ертіс" телеарнасының ардагері. Кешімізге мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, 6,7 сыныптың оқушылары қатысты.                          

       Оқушыларға жерлес ақындарымыз Арман Қани және Шолпан Байғалы өздері туралы қызықты әңгімелер айтып, өлендерін оқыды. Оқушылар ақындар өмірлерінің қызықты фактілері туралы өз ауыздарынан естіп, белгілі шығармалардың құрылу тарихын тыңдады, қызықты және талантты адамдармен сөйлесіп, олар туралы жаңа нәрселерді білуге мүмкіндік туды. Қонақтар өз шығармаларын оқып, кеңестерімен бөлісті.

      Оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Томирис» тобының орындауында әдемі би биленді, Республикалық ән байқауларының жүлдегері Нуралинов Азрет қонақтарға ән орындады. Директордың міндетін атқарушы Әсем Бекенқызы Каппасова алғыс сөз айтып, ақындарға сыйлық сыйлады.