Акция "Подари домбыру в школу"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясы төңірегінде мектебімізде "Мектепке домбыра сыйла" атты акциясы өтіп жатыр. Мектебіміздің барлық жылдардағы түлектері мен ата-аналарын акцияға ат салысуға шақырамыз! Ежелгі заманнан домбыра қазақ халқының рухани тарихы мен дәстүрінің негізі болып саналады. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" демекші, ұлы дала мұрасын сақтап, жалғастыруға өз үлесіңізді қосыңыз!