Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жүзден жүйрік» сайысы
29-11-2019 12:33
«Жүзден жүйрік» сайысы

Білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру және оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында мектебімізде ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын тарих мұғалімі Қанағат Советұлы Ергалиев дайындап, өткізді. Ашық сабақ қонақтары: Республикалық Білім айнасы газетінің Павлодар облысы бойынша тілшісі Молдаш Айгүл Тұрсынқызы және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қызметкері Назира Сайдилленқызы Сабитова. Ашық сабақ «Жүзден жүйрік» сайысы түрінде өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметінің барлық жақтары, оның ішінде өмірбаяндық деректері бойынша бейнеролик көрсетілді.