Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны
28-11-2019 13:52
Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны

28 қараша күні №2 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, сондай-ақ, Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектептің 64 оқушысы, әртүрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Іс-шара уақытында «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы шығарылды. Сағынтай Ұлан «Жас ұлан» антын айтты. Мектептің музыка жетекшісі Ахметжанов Мақсат «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.
Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым,
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға,
Жасұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым, - дей келе «Жас ұлан» ұйымының қатарына өткен оқушыларды «Жас ұлан» ұйымына қабылдануларымен құттықтаймыз! Отанымыздың келешегі сендердің қолдарыңда, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола біліңдер демекпіз!