Заң және жасөспірім» тақырыбында дәріс жүргізілді
Павлодар қаласының №2 мектебінде 2019 жылдың 11 желтоқсан күні Павлодар қ. ПБ Орталық ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Г.Т.Шашенова 8-10 сынып оқушылары арасында «Заң және жасөспірім» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында жасөспірімдердің құқығы мен заңға қарсы әрекеттеріне жауапкершіліктері туралы айтылды. Түнгі уақыттағы үйден тыс бос жүріске, ойын-сауық орталықтарындағы кешкілік атқаратын жұмыстарға баруға (даяшы, т.б.) заңмен рұқсат етілмейтіні туралы айтылды.