№2 ЖОББМ-те «Өзін-өзі тану, психология, әлеуметтік педагог» апталығы басталды
03.02.20.-07.02.20. күндері аралығында №2 ЖОББМ-те «Өзін-өзі тану, психология, әлеуметтік педагог» апталығы басталды. Апталықтың ашылуы,дүйсенбі күні «Таңертенгі көңіл-күй» әдістемесінен басталды. Оқушылар өз көңіл-күйлеріне байланысты түсті таңдап, жәшікке салды. .Бұл әдістемені мектеп психологтері: Ахметжанова С.М., Абешева М.Б. өткізді. Бастауыш сыныптарға үзілісте қозғалмалы ойындар өткізілді. 2-4 сыныптар арасында «Мен өмір сүргім келетін әлем!» атты суреттер сайысы жарияланды.