«Өзін-өзі тану,психология, әлеуметтік педагог»апталығының үшінші күні
№2 ЖОББМ-де «Өзін-өзі тану,психология, әлеуметтік педагог»апталығының үшінші күні. «Эмоциялар күні» деп аталады. Бұл күні «Сенім жәшігі»күні бойы жұмыс істеді. Егер де бір мәселе мазаласа,достыққа,отбасындағы қарым-қатынасқа,топтағы қарым-қатынасқа,оқушымен қарым-қатынасқа байланысты сенім жәшігіне құпия хат жазып қалдыруға болатыны айтылды. 9 сыныптар арасында «Алдымен сүй,ардақта ата-анаңды!»атты сынып сағаты өтті.5 сынып оқушыларын жағымды көңіл-күйге ендіру мақсатында мектеп психологі:Абешева М.Б. «Су асты патшалығына саяхат»атты релаксация өткізді.8 сыныптарда мекпеп психологі: Ахметжанова С.М. «Оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту» -сауалнама алды.