«Өзін-өзі тану,психология, әлеуметтік педагог» апталығының төртінші күні
№2 ЖОББМ-де «Өзін-өзі тану,психология, әлеуметтік педагог» апталығының төртінші күні. «Толеранттылық пен достық күні» деп аталады. «Біздің мектепте болса деймін»-тілектер мен ұсыныстар тақтасы қойылды,оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. «Менің сыныбым» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында фото коллаж көрмесі ұйымдастырылды.3 сыныптар арасында А.М. Жапарова жетекшілігімен «Өзін-өзі тану еліне саяхат»атты сайыс өтті.2 сыныптар арасында Э.М.Мұхтар жетекшілігімен «Адамгершілік-асыл қасиет» атты дөңгелек үстел өткізілді. 3 "ә" сыныбында "Өзін-өзі тану еліне саяхат" тақырыбында өзін-өзі тану сабағы өтті. Сынып жетекшісі Сагындыкова Б.Ю.