1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!
![1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!](/media/img/blogs/5eab146e988d9.jpg)
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігі нығая түсіп, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!