Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұқағали Мақатаев оқулары
25-02-2011 05:02
Мұқағали Мақатаев оқулары

16.02.11 күні №2 ЖОББМ-інде қалалық «ІІІ Мұқағали оқулары» өтті. Байқау 7 – 11 сынып оқушыларының арасында 4 номинация бойынша болды.
Қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін және поэмасын жатқа айту, өз шығармаларын оқу, берілген тақырыпқа өздігінен өлең шығару және ақынның өмірбаяны бойынша 10 сұраққа жауап беру арқылы білімдерін көрсетті.
Жалпы сайысқа қала мектептерінен 19 бала қатысты. Біздің мектептен 3 қатысушы болды, соның ішінен 8 «а» сынып оқушысы Қабдұлбековаn Бақыт 1-орынға ие болды. Ал 10
«а» сынып оқушылары Бахытхан Айбота және 7  «в» сынып оқушысы Майрамбекова Жамиля  «Ынталандыру» грамотасымен марапатталды.
Бұл балаларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Сапина Гүлнар Қалиханқызы,  Рахметова Үмілғарап Ілиясқызы мен Рамазанова Еркеш Хамзақызыда марапаттау қағаздарына ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алғысымызды білдіреміз.


Құттықтаймыз!