Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата Заңымызға биыл 25 жыл толып отыр
28-08-2020 22:49
Ата Заңымызға биыл 25 жыл толып отыр

Биылғы жылы елімізде айтулы мерекелер көп,соның бірі және бірегейі бас заңымыз - Ата Заңымызға биыл 25 жыл толып отыр. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры» демекші,бүгінгі Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы Ата заң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата-бабаларымыздың ар мен намыстан тұратын бірлік, тыныштық идеясын өз бойына сіңірді. Қазіргі қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған.

       Павлодар қаласының №2 ЖОМ-ның ұжымы Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданғанына  25 жыл толуымен барша қазақстандықтарды құттықтайды. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаған елміз.Сондықтан Конституцияны құрметтеу,оны ұлықтау - біздің басты парызымыз. Қазақ елінде заң үстемдігін орнатамыз десек,ең алдымен,Конституцияны және осыған негізделген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап,сақтай білуіміз керек.