Сенім телефоны
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5В сынып оқушылары «Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық акциясына қатысты
07-05-2021 00:00
5В сынып оқушылары «Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық акциясына қатысты
6 мамырда Ұлы Отан соғысы туралы шығармаларды бір мезгілде оқу сағаты өтті. «Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық акциясы - бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттің үздік үлгілерін мысалға ала отырып, балалар мен жасөспірімдерде азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу мақсатын көздейтін оқуды қолдау жөніндегі ауқымды іс - шара.
Алдымен кітапханашы Алкенова Т.К балаларға Ұлы Жеңістің маңыздылығын және майдан мен тылда ауыр шайқастарда қатысқандардың ерліктері туралы айтып берді.
Дауыстап оқу үшін Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» шығармасы таңдалды.
Жазушы Қасым Қайсеновтың әскери тақырыптағы төртінші кітабы. Украина аумағында Отан соғысы жылдарында жұмыс істеген партизан отрядының командирі Қасым Қайсенов фашистердің тылындағы партизандардың жауынгерлік істері туралы өз кітаптарын жазады. Бұл жай ғана өнер туындысы емес, куәгердің естеліктері. Оқу соңында оқылған мәліметтер талқыланды..