Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 8 сынып оқушылары С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен "Оқитын Павлодар" атты кітап фестиваліне қатысты. "Живая библиотека" форматы балалар үшін жақсы ұсыныс болды. Олар спикерлерден кез келген сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды: Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Р.С. Отарбаева, м. ғ. к. психиатр, психотерапевт дәрігер, адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі С. Молчанова, "Asyl Ana KZ" қоғамдық қорының басшысы А. Құсайынов келушілерге мол ақпарат берді. Қызметкерлер кітап қорлары бойынша экскурсия жүргізіп, кітапхана ресурстарымен таныстырды және оқушылар билиотека оқырмандарының қатарын толықтырды.
Оқитын Павлодар