Мектеп ұстаздары және бір топ оқушылары Павлодар өңірінің киелі жерлеріне рухани турларын бастады. Соның алғашқысы болып мектебіміздің есімі берілген Мұзафар Әлімбаевтің туған жеріне жол тартты. Атап айтсақ, Маралды көліне және қаладан 150 шақырым, Шарбақты ауданы Арбиген ауылынан 15 шақырым жердегі Ғабдулл-Уахит Хазірет кесенесіне барып қайтты. Ғабдулл-Уахит Хазірет Тіленшіұлы –діни қайраткер, ислам дінінің негізін қалаушы, дұғамен адам емдейтін қасиетті тұлға болған. Кесене шырақшысы Ермек Балтаұлы кесене мен қасиетті жердің тарихын баяндап, құран оқылып, садақа салынды. Қасиетті жердің рухына тағзым ете барған оқушылар тылсым табиғаты мен қадір-қасиетіне таң қалып, ерекше сезімде болды. Осы күні Арбиеген аулының тумасы , Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген опера әншісі Абилев Шахимардан Қайдарұлы да кесенеде жолықғып, әрі оқушылар мнн ұстаздар Шахимардан Қайдарұлын 70 жас мерейтойымен құттықтап, сұхбаттасып, Мұзафар Әлімбаев атамыздың өлеңінен үзінді оқып, естелік суретке түсті.
Мектеп ұстаздары және бір топ оқушылары Павлодар өңірінің киелі жерлеріне рухани турларын бастады.