Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Заманауи менеджмент көшбасшысы
23-01-2023 15:46
Заманауи менеджмент көшбасшысы

✅️ М. Әлімбаев атындағы мектеп басшысының орынбасары Ильмира Ерганқызы Оспанова өз кәсіби еңбегінде жоғары бағаға ие болды, ол орынбасарлар арасында өткізілген "Leadership заманауи менеджмент көшбасшысы" атты облыстық сайыстың қорытынды кезеңінен өтіп, 1 орынды иеленген болатын. Сайыстың ережесі бойынша қатысушылар қазылар алқасына өз бейнероликтерін ұсыну керек еді. Аталған кезеңде қазылық мүшелері сайыскерлердің кәсіби шеберліктерін айқындап, оқыту мен тәрбие барысындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарының педагогтік жасампаздығын іске асыра алған тұлғаларды белгілеп, өз ісінің нағыз мамандарын анықтаған еді. М. Әлімбаев атындағы ЖОМ ұжымы Ильмира Ерганқызын табысты жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктерге жетіп, келешектегі биік асуларды бағындыруына тілек білдіреді.
Атап айтуымыз қажет, білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы іске асырып жатқан осындай жобалары арқасында білім мазмұны мен модернизациясын жаңарту жағдайында педагогтердің шығармашылық əлуетін дамытуға барлық жағдай жасалып отыр.