Сенім телефоны
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Робототехникадан өткізілген сайыстар. М.Әлімбаев атындағы ЖОМ мектебінің оқушылары робототехникадан өткізілген " Robotek Grand Tournament» республикалық сайыстардың қалалық кезеңінде жүлдегер атанды
05-02-2023 17:26
Робототехникадан өткізілген сайыстар.  М.Әлімбаев атындағы ЖОМ мектебінің оқушылары робототехникадан өткізілген
Робототехникадан өткізілген сайыстар.  М.Әлімбаев атындағы ЖОМ мектебінің оқушылары робототехникадан өткізілген " Robotek Grand Tournament» республикалық сайыстардың қалалық кезеңінде жүлдегер атанды, оған қалалық 30 мектептерінен 81 команда ішінен 162 оқушы қатысқан болатын. Аталған сайыстың мақсаты - роботтарды бағдарлау машықтарын жетілдіру, ақпараттық - коммуникативтік және инженерлік - шығармашылық құзыреттілікті дамыту, сондай - ақ құрастыру қызметіне қабілеті бар, стандартық емес қалыпта ойлана алатын, робототехникамен, бағдарлаумен айналысатын дарынды оқушылапрға қолдау көрсету. 4-11 сынып оқушылары арасында өткізілген сайыстар жеті бағытта өрбіді:  «Кегельринг-квадро», «Робо-сумо», «Лабиринт», «Эстафета», «Гонки по линии», «Биатлон – төменгі санат», «Биатлон –  жоғары санат».
 «Биатлон – төменгі санат» категориясы бойынша біздің мектептің 8 А сынып оқушысы Аружан Әубәкірова 3 орынды иеленді. Жетекшісі Н. Ахылбек.    
«Биатлон – жоғары санат» бойынша оқушыларымыз Ланг Кирилл, Илья Абдыкалыковтар 3 орынға ие болды.  Жетекшісі Т .А.Қожабергенова. Құттықтаймыз!