Сенім телефоны
8 7182 220004
email: alimbaeva@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, П. Васильев көшесі, 17/2
+77182225599
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық Воркшоп
25-03-2023 13:56
Қалалық Воркшоп

✅️Білім беруде ерекше көзқарасты қажет ететін балалар мектеп пен отбасы арасындағы қарым - қатынасты тиімді үйлестірудің негізгі діңгегі болып табылады, сондықтан осы бағытта әдістемелік көмек көрсету мақсатында М. Әлімбаев атындағы мектепте "Инклюзивтік білім беру аясында мектеп пен отбасының қарым - қатынасы" атты қалалық мектептердегі сынып жетекшілеріне арналған воркшоп өткізілді. Аталған семинарға қалалық 40 мектептердің мұғалімдері қатысты: Мәшһүр Жүсіп, 29,38, Ж.Ташенов ат. мектеп, 2,41,15, М.Әуэзов ат. мектеп, .Ә.Бөкейхан ат. мектеп,33,16 лицей, Б.Момышұлы ат. мектеп, К.Бекхожин ат. мектеп,25, Малайсары батыр ат. мектеп, 39,7,Кенжекөл мектебі, 6,17,21,К.Макпалеев,46,43,30,18,Шөкин, 5,С.Торайғыров,11, Р.Нуртазин ат. мектеп, 27,36, А.Байтұрсынұлы ат. мектеп, 26 жалпы орта білім беру мектебі. И.Е. Оспанова сынып жетекшілеріне педагогтік - психологтік қызмет туралы ақпарат берді, басшының тәрбие істері жөніндегі орынбасары С.Т. Әубакірова оқыту - тәрбие үдерісіндегі сынып жетекшілерінің рөлі туралы айтты. Семинар барысында мектеп психологі тренинг ұйымдастырып, ата - аналар жиналысын өткізу бойынша шеберлік сағаттары мен ашық сынып сағаттары көрсетілді. Әдістемелік көмек көрсету жемісті әрі нәтижелі түрде өтті.
_____________________________________