Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
22-77-11
email: sad57@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жаяу Мұса көшесі, 4 құрылыс
Басшы: 22-77-07 Есепші: 22-77-01 Вахта: 22-77-04 Медбике: 22-77-15 Әдіскер:22-77-03
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ғажайыптар жалғасуда»
31-12-2021 10:39
«Ғажайыптар жалғасуда»

Сонымен біздің балабақшада жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті! Бүгін біз көңілдіміз, Жаңа жылды қарсы алып. Мерекеге келгендерді Құттықтаймыз ән салып! Желтоқсан айының 28-30 аралығында балабақшамызда тәрбиеленушілерімізге арналған жаңа жылдық мерекелік ертеңгіліктер өтті. Шынында да, әрбір бала үшін Жаңа жыл -керемет мереке, олар жыл бойы күтетін ең сиқырлы, қуанышты мереке. Әдемі безендірілген топ бөлмелері, сәнді шырша, керемет костюмдер, сыйлықтар, Аяз ата, Ақшақар және басқа да көптеген ертегі кейіпкерлері балаларды күтті. Кіші топтың балалары ертегілер әлеміне еніп, оларды Ақшақар Аяз атамен қарсы алды. Балалар үшін қуанышты және ұмытылмас кездесу болды.Ертеңгіліктерге қатысқан балалар ертегілер, күтпеген шытырман оқиғалар, сиқырлы трюктар, әндер, билер, ойындар, байқаулар, тосын сыйлар әлеміне сүңгіп кетті. Барлық мектеп жасына дейінгі балалар өз өнерлерін қуанышпен көрсетті: би биледі,  тақпақ айтты, ән айтты, ойнады. Балаларға Аяз атаның қолынан келген сыйлықтар қуаныш пен эмоция тудырды! Балаларға ертеңгіліктер өте ұнады, олар қуаныш, көңілді және жағымды эмоциялар зарядын әкелді.