Жақсы көру, сүйе білу тақырыбына сәйкес балалардың көзқарасын кеңейту мақсатында 2 сынып оқушыларымен өзін-өзі тану сабағында түрлі шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Жұмыс барысында балалар Жер бетіндегі ең басты сезім – бұл махаббат сезімі екені туралы қорытынды жасады. Ол адамның өміріне қуаныш, бақыт әкеледі. Өз жақындарына деген сезімдерін балалар сурет салу арқылы білдірді. Балалар өз сезімін, махаббатын білдіру жолының бірі – өз істері менжақсы қарым-қатынас екенін түсінді. Балалар топта түрлі тақырыптарда сахналық көрініс көрсетті. (әжесі мен немересі, анасы мен қызы, ағасы мен қарындасы т.б.) Құрастырған диалогтарында балалар «Сүйе білуді үйренеміз» тақырыбында меңгергеннің барлығын көрсетті.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Каужапарова Ж.Т.