"Менің тілім-мемлекеттік тіл"
2018 жылдың сәуір айының 16-күні №5 ЖОББМ-де "Рухани жаңғыру" шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.Қ. Батталованың ұйымдастыруымен 7 "Б" орыс сыныбында "Менің тілім-мемлекеттік тіл" атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері жастарының арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылықтарын арттыру. Сайыс соңында ең көп ұпай жинап, қазақ тілін ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін де жақсы білетіндігін көрсете алған "Жалын"тобы марапатталды.