Акция «Қыста құстарды күт!»
![Акция «Қыста құстарды күт!»](/media/img/blogs/600e25ba1fa35.jpg)
Өткен жұмада инклюзия кабинетінің оқушылары, қызметкерлері және ата-аналар, табиғатты қорғау аясында «Қыста құстарды күт!» акциясын өткізді. Алдымен балаларға құстардың қыстағы жай-күйі туралы әңгіме айтылды, құстар тақырыбына викторина жүргізіліп, платилинография техникасы бойынша шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды.
Соңында, акцияның ең маңызды бөлігі- «Ең әдемі құс астауы» атты байқау жарияланды.