«Кітаппен және кітапханамен танысу»
2021 жылдың 17 ақпанында мектеп кітапханасында 1 «б» сыныбына арналған «Кітаппен және кітапханамен танысу» экскурсия-сабағы өтті. Балалар кітап туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдерді, кітапханадағы мінез-құлық ережелерін тыңдап, «кітапхана дегеніміз не» және «кітапты қалай ұстау керек» деген көптеген сұрақтарға белсенді жауап берді, оқу үшін кітап таңдауды үйренді.