"МЕКТЕП - МҰҒАЛІМ - ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР"
2021 жылдың 1-2 наурызында "МЕКТЕП - МҰҒАЛІМ - ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР" атты Тұңғыш халықаралық педагогикалық оқуларында тыңдаулар болып өтті. "Шет тілдерін оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары" секциясында ағылшын тілі мұғалімі, "Шет тілдерін оқытудағы АКТ" бағытының магистрі Е.А.Рамазанова сөз сөйледі. Ол оқу модераторлары мен қатысушыларын мүмкіндігі шектеулі балаларға ағылшын тілін үйретудің жаңа тәжірибелік тәсілдемесімен таныстырды. Инклюзивті білім беру жағдайында жиынтық бағалау жүргізу үшін web-бақылау қосымшасы ұсынылды.