Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушыларды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу
11-03-2021 07:01
Оқушыларды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу

Бүгін қыз балалармен жыныстық тәрбие туралы әңгіме өткізілді. Оған №2 қалалық аурухананың бас маманы, дәрігер гениколог Айжан Хамитқызы мен Жанар Қабидуллақызы қатысты. Жасөспірімдік кезең баланың дене бітімінің қайта құрылуымен - жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуының қарқындылығы осы жастағы ең маңызды психологиялық сипаттама болып табылады. Бұл мәселеде мамандар атап өткендей, жыныстық тәрбие "адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылады, оның мақсаты жас ұрпақтарда барлық қызмет салаларында жыныстық қатынастар саласында адамгершілік формаларын қалыптастыру болып табылады". 13-15 жасында жасөспірімдерде жыныстық жетілу жүреді. Жасөспірімдер жыныстық жетілу кезеңінде жыныс мүшелерінің анатомиясы, көбею, жүктілік, босану туралы нақты түсінік алуы керек. Ұлымен мұндай әңгімені Әкесінің өткізгені жақсы, ал қызбен анасы сөйлескені дұрысырақ. Екі жағдайда да, ересектер жасөспірімдерде болып жатқан өзгерістер туралы қысқаша айтып беруі керек.