«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
Оқу жылының басынан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие»
бағдарламасы жүзеге асырылуда.Бағдарламаға сәйкес оқушылардың жеке қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында апта сайынғы сынып сағаты аясында
10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» енгізілді. Қазіргі қоғамды алаңдатып отырған
өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі.
Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдерді манипуляциялайтын,
оларды психикалық және физикалық қауіпке төндіретін қауіпті онлайн
ойындар мен топтардың саны көбейіп кетті. Ұстаздар мен ата-аналар бала тәрбиесіндегі
басты тұлғалар, біздің күнделікті іс-әрекетіміз бен сөзіміз олардың болашағына айтарлықтай
әсер етеді.