Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Мектепке жол" республикалық акциясы "
22-08-2013 07:08

 

1-тамыз күні Қазақстанда "Мектепке жол" республикалық акциясы бастама алды. Акция мақсаты - аз қамтылған отбасы балаларына, жетім және жаңа оқу жылына дайындық кезінде ата-аналар қамқорлығысыз қалған балаларға қолдау көрсету, сонымен бірге түрлі әлеуметтік себептерге орай балалардың келмеуін ескерту.

Аталған акцияға №6 ЖОМ жылда қатысады. Мектепте акцияны өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылды, ақпараттық стенд жасалды, мектеп шағын аудандарында логотиптер ("Мектепке жол") жабыстырылды, "Манақбай" СҮ радиохабар арқылы "Мектепке жол" акциясының өткізілуі жөнінде хабарлама айтылады. 

15-тамызда "Қамқорлық" акциясы шеңберінде мектепте киім жинау пункті ашылды. Аталған акцияға педагогикалық ұжым мен ата-аналар белсене қатысуда. 15-тамыздан бастап мектеп ұстаздары балаларды жалпы оқытумен қамту бойынша шағын аудандарды аралауды бастап кетті. Қиын жасөспірімдермен жұмыс жасау жөніндегі психолог М.В.Манякованың, мектеп мұғалімдері В.В.Знайденко, Ә.А.Жұмабекова, Д.Қ.Ғаббасова, С.Г.Булер, Ж.Ә.Есеновалардың көмегімен мектеп шағын ауданында құқық бұзушылықты анықтаудан 14 рейд өткізілді. 

Аз қамтылғандар санынан, жетім және ата-ана қамқорлығысыз қалған балалардың 63 оқушысына акция шеңберінде Жалпы оқыту қоры есебінен кеңсе тауарлары, киім, аяқ киім, мектеп рюкзактары түрінде көмек көрсетілді.  

Одан басқа, болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп оқу құралдары түрінде көмек көрсету турасында "Нұр Отан" халықтық демократиялық партия төрағасының бірінші орынбасары А.К.Ешмұратовқа мектеп әкімшілігі өтінім етті. 

9 а сынып оқушысы Екатерина Геншке киім, кеңсе тауарлары түрінде Павлодар қаласының білім беру бөлім қызметкерлері және жеке кәсіпкер Бақытгүл Мұқатайқызы Рақымова демеушілік көмек көрсетті.  

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары, шетте қалмай, "Мектепке жол" акциясына қатысуларыңызды сұраймыз. 

Көмек көрсету үшін келесі мекенжай бойынша хабарласуға болады: Урицкий көшесі, тел.: 55-04-83.