Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Адрес: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тілдер айлығы
27-09-2013 10:38
Тілдер айлығы

2013 жылғы 24 және 25 қыркүйекте №6 ЖОМ Тілдер айлығын өткізу жоспарына сәйкес гуманитарлық бағыттағы әдістемелік бірлестік сыныптан тыс іс-шара өткізді.

"Біраз ағылшын тілінде" атты ток-шоуда (мұғалім: Е.С.Женаева) 5-7 сынып балалары ағылшын халқының мақтанарлық жерлерін сөз етіп, "Шрек" белгілі мультфильмінің кейіпкерлерімен кездесті. 7 "А" сыныбының оқушылары Шафеева Камилла мен Меншікова Лаураның ағылшын тілінде орындаған "TtemalFlame" әнін орындағаны келген мұғалімдер мен мектеп қонақтарын таң-тамаша қалдырды.  

Балалар шоу бағдарламаны неміс тілінде  «Біз біртұтаспыз» деген ұранмен №6 ЖОМ ұстаздары мен оқушыларына таныстырды (мұғалім Е.А.Рамазанова).  Көптілділік те ұмытылған жоқ, себебі бірнеше тілді білу – бізге әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүріне жақын болуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге әртүрлі тілде әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.   

«Полиглот» интеллектуалды ойынына 5-7 сынып оқушылары қызыға қатысып (мұғалімі Ж.Е.Жанайдарова), мақал-мәтел, жұмбақтар айтып жарысты. «Знатоки», «Жорға» командалары тек орыс тілінде ғана емес, ағылшын және қазақ тілінде сұрақтарға жауап қайтара білді. Нәтижесінде «Знатоки» командасы жеңіске жетті.    

«Тіл – халықтың рухани байлығы» дөңгелек үстелінің жұмысына жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Тілдің пайда болуы, әр адам үшін туған тілдің маңызы, оған қамқорлық жасау қажет екені жөніндегі мәселелер қарастырылды. Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ү.Х.Әділова, С.Г.Булер қатысқандардың ұлттық құрамы туралы сауалнама жүргізді.   6 «А» сынып оқушысы Таня Матухова орыс, қазақ биін биледі. Бұдан басқа шарада ақын-жазушылардың, философтарды тіл туралы айтқан ойлары айтылды. Нәтижесінде оқушылар ғалымдардың, жазушылардың, философтардың әртүрлі тілде айтқан ойларын жинастырып, жинақ құрастырып, аталған құралдың тұсаукесерін жасау керек деген қорытындыға келді.     

Тілдер айлығының барлық қатысушылары бір ортақ ойға келді. Бұндай іс-шараларды өткізу -  тілдерді үйренуге деген қызығушылықты оятады, дүниетанымды кеңейтеді.