
Ашық сабақ беру айлығы шеңберінде тарих мұғалімі Ә.Ж.Әбішева "Абылай хан" тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Абылай ханның кезіндегі басқарумен, оның басқарған кездегі Қазақстанның саяси өмірдегі өзгерістерімен таныстыруға жағдай жасау. Оқушылар «Көшпенділер» киносынан үзінді көре отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді: мәтінге түсіп қалған сөздерді қою, тақырып бойынша кластер құру, оқиғаның логикалық жалғасын табу, тест. Сабақта оқушылар «саясат», «саясаткер», «дипломат», «стратег» сияқты сөздердің анықтамаларымен танысты. Сабақтың барлық кезеңінде көрсетпелі материалмен сабақты түрлендіруде АКТ қолданылды, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра түсті.