Гуманитарлық циклдің ӘБ-нің мұғалімдері біліктілігін арттыру мақсатында біздің қаламыздың конференцияларына және семинарларына үнемі қатысып отырады. Желтоқсан айында тарих мұғалімі
А.Е.Нұрғожина «Тарих сабақтарында мультмедиялық қосымшаларды қолдану» семинарының жұмысына белсенді қатысты және «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дінтану пәні мұғалімінің педагогикалық кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары» методикалық семинарға қатысушы сертификатын алды.
Шет тіл пәні мұғалімі Татьяна Павловна Вырвинская 2017 жылдың қаңтар айында АКТ құзыреттілігін арттыру бойынша «Электронды оқулықтарын жасау» оқу семинарын сәтті аяқтады. Біздің педагогтарға кәсіби табыстар тілейміз!