2017 жылдың 16 қаңтар күні орыс тілінде оқытатын мектеп оқушылары арасында өткізілген
«Әй, жарайсың!» сайысына № 6 ЖОББМ 6-7 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері А.Ж.Төлебаева, Ж.С.Матайбаева, А.Т.Құрбанова дайындады. «Ана тілім-қазынам» бөлімі бойынша славян өкілдерінің балалары Скрипкин Вычеслав, Данилюк Салтанат, Кропонева Валерия, Линдюк Руслана, Васильковская Анна, Бадажков Климентий мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, қазақ тілін меңгерудегі жетістіктерін, өз өнерлерін көрсетті.