9 қаңтар – мектеп тарихындағы ерекше күн. «Жас шахматшы» үйірмесін ашу күні. Үйірменің салтанатты ашылуынан кейін оқушылар мен мұғалімдердің мини-чемпионат өтті. Чемпионаттағы бас әділқазылар: шахмат бойынша 2 дәрежеге ие болған дене шынықтыру мұғалімі М.Т.Қозыбаков, «Академия шахматы» жаттықтырушысы С.С.Меркулов болды. Мұғалімдер арасындағы шахмат турнирінің нәтижесі бойынша 1 орынды физика мұғалімі С.Н.Шундрик, 2 орынды – математика мұғалімі А.Қ.Байниязова иеленді. Оқушылар арасындағы турнирда 9 а сынып оқушысы Тоқболатов Тимур жеңіске жетті.