2016 жылдың 7 қазанында № 6 ЖОББМ тұмау және ЖРВИ профилактикасы бойынша айлығы аясында 1-11 сыныптарда
«ЖРВИ және тұмау профилактикасы» атты тақырыпта сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға ЖРВИ және тұмау ауруы бронх қабынуы, пневмония (өкпе қабынуы), менингит және басқа аурулар түрінде асқынып кетуі жөнінде айтты. Егерде тұмау ауруының белгісі бар болғанда, үй режимін сақтау керек, яғни мектепке бармау, адамдар көп жүретін жерлерге бармау. Алғашқы тұмау белгілері пайда болғанда тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.