2016 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін «Тілдер айлығы» облыстық іс-шаралар шеңберінде мемлекеттік тілді құрметтеу, дәріптеу мақсатында Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылдың 16 қыркүйек күні 5-6-сынып оқушылары арасында «Қызыл тіл» атты интеллектуалды ойыны өтті. Бұл іс-шараны А.Ж. Жүсіпова, А.Т. Курбанова – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған. Іс-шараға мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысының орынбасары – Г.Қ. Сағитова және аудармашысы Ж.С. Матайбаева қазылар алқасы болып сайланды. Оқушылар «Балдырған» және «Шырақ» атты 2 топқа бөлініп, интелектуалды ойынға белсенді қатысты, қазақ тілі пәнінен өз білімдерін көрсетті. «Шырақ» тобының мүшелері үйге берген тапсырмасына «Жаса Қазақстан» атты әнін тамаша орындап шықты. Ал «Балдырған» тобының мүшесі 5-сынып оқушысы Сүлеймен Аида Абай Құнанбаев атамыздың керемет өлеңін жатқа оқып шықты. Іс-шара соңында оқушылар грамоталармен, тәтті сыйлықтармен марапатталды.