Бүгін біз тағы жеңімпаз қатарындамыз. Балалардың шығармашылығын дамыту орталығында «Роботоиндустрия» «Тентек» атты сайыс өткізілді. Бұл сайс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Қала мектептерінен сайысқа 15 мектеп қатысты. Барлық балалар шығармашылықтарын танытып түрлі роботтарды құрастырды. Бірақ біздің робот «Атом» өзгеше болды. Ол адамдардың ойын таба білді. Сонымен біз ІІ орынға ие болдық. Алда екінші тур. Барлығына сәттілік тілейміз!
