Қазақстан Республикасы рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы рәміздері күніне арналған іс-шараларға байланысты жоспарға сәйкес №6 жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты викторина өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Іс-шараның жүргізушілері мемелекеттік рәміздер туралы ақпарат дайындап, тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап өткізді. Барлық қатысушылар өз білімдерін жақсы жағынан көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздер туралы әңгімеледі. Дене шынықтыру мұғалімі қазақтың ұлттық ойындары бойынша сайыс өткізіді. Қазақ тілі мұғалімі «Қазақ тілінде сөйлесеміз» атты стенд дайындады.