«Жақсылық жаса, одан басқа қуаныш жоқ» атты ұранмен «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік концерт өтті. №6 ЖОББМ оқушылары мүмкіндіктері шектеулі балаларға жылулық және қамқорлық сыйлағысы келді. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен көбасшылары екінші жыл балалардың оңалту орталықтарында мерекелік бағдарламамен концерт қойып жүр. «Бүгін біз ғажайып туралы айтқымыз келеді. Ол ғажайып, сіздермен бірге тұрады. Оны қолмен ұстауға болмайды, бірақ көруге және естуге болады. Ол бізді күлдіре де, жылата алады. Оның жаны және жүрегі бар. Ғажайып осында туады және оның аты – Мейірімділік!»,- осы сөздермен мектеп ұланбасы Кутькова Екатерина балалармен амандасты. Іс-шараны Данилюк Салатанаттың орындауында «Улыбайся» музыкалық композициясы ашты. Екінші сынып оқушылары көңілді, қызба частушкаларымен жақсы көңіл-күй сыйлады. Вокалистер Зайнутдинова София и Исиналинова Ясмин әндері жүрекке қонды. Текенова Маликаны және «Грация» хореграфиялық студия қатысушыларын балалар ду қол шапалақтаумен қарсы алды. Залдағы әрбір адам ақжүректілік пен жылулықтан қатты әсер алды. Өнерлерін көрсеткендер балаларға керемет көңіл-күй сыйлады және жарқын естен кетпес әсер алды. Мектеп арнайы әкелген сыйлықтар мен тәттілер мерекені мәресіне жеткізді. Павлодар қаласының № 6 ЖОББМ-нің жас волонтерлері үшін мейірімділік көрсету жолымен жүру басымды.
Жүректен жүрекке мейірімділік ұялату.....