«Қарым-қатынас өнері»
2017 жылдың 6 қазанында Павлодар қаласының №6 ЖОБМ-нде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында 1-11 сынып оқушыларына арналған «Қарым-қатынас өнері» тақырыбына арналған сынып сағаты өтті. Мектептің сынып жетекшілері мен психологтары отбасындағы, мектептегі және жалпы қоғамдағы жайлы өзара қарым-қатынас, өз денсаулығына қатысты қауіпсіз тәртіп туралы, сонымен бірге психологиялық денсаулықты сақтау бойынша өмірлік дағдыларға баулу туралы айтты.