«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында біз жақсы дәстүрлердің бірін жалғастырдық! Осы жолы №6 ЖОББМ-нің оқушылары Павлодар қалалық әйелдер мен балаларды бейімдеу және әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығына мерекелік бағдарламамен шықты. №6 ЖОББМ-нің волонтерлері орталық тәрбиеленушілеріне жақсы көңіл-күй және мейірімділік ұшқынын сыйлады, сонымен қоса барлық балаларға тәтті сыйлықтар табыс етілді. Барлық тұрғындарға және орталық әкімшілігі құшақ жая қарсы алғандары үшін рахмет! Өмірлеріңіз мерекеге толы болсын! Біз Сіздерге жүрегіміздегі сүйіспеншілікті сыйлаймыз!