Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары»
01-03-2019 09:55
«Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары»

Қазіргі заман талабына сай оқыту үдерісінің бір бөлшегі болып табылатын бағалау да жаңа формат тапқан. Ал, оқу-тәрбие кезінде формативті бағалау сабақтың ажырамас бөлігіне айналды. Әр тапсырма соңы формативті бағалаумен, кері байланыс жасаумен жалғасын табуда. 

Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында формативті бағалауда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда 6 ЖОМ-ның оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Г.Қ.Сағитова, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі С.М.Арынова және 23 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.А.Дәулетханова өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушыларынамен «Аралдар әдісі», «Жапондық бағалау әдісі» сияқты т.б. әдістер қолдау тауып, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыратынына көз жеткізді.

Семинар соңында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері З.С.Алибаева семинар өткізуде тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.