5«б» сынып оқушыларында «Кітап - біздің досымыз!» атты сынып сағатымыз зум арқылы өтті
Бүгін, яғни қаңтардың 20 күні 5«б» сынып оқушыларында «Кітап - біздің досымыз!» атты сынып сағатымыз зум арқылы өтті. Сынып сағаты барысында оқушыларға кітап жайлы және оның шығу тарихы туралы мағлұмат берілді. Оқушыларға кішігірім бейне ролик көрсетілді. Кітапқа байланысты мақал-мәтелдерді оқушылар бір-бірімен бөлісті. Бүгінгі өткен сынып сағатымыз оқушыларға қызықты болды.