7 "А" және 8 "Б" сынып оқушылары көктемгі демалыс уақытында "ERTIS" мұражайында болды
7 "А" және 8 "Б" сынып оқушылары көктемгі демалыс уақытында "ERTIS" мұражайында болды. Мұражай – туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейді. Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.