«Ашық есік күні»
9-сәуір күні сағат 11:00 -де №7 ЖОББМ мектебінде “ Мектеп-балабақша сабақтастығы” атты ашық есік күні өтті.Қаламыздың №19,38,46,93,122 балабақшаларынан ата-аналар бүлдіршіндерімен келді. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Мусабекова Мадина Даркеновна келген ата-аналарды қарсы алып, акт залында презентациямен таныстырды. Мектебіміздің психологы Касимова Жанна Айткалиевна ата-аналармен тренинг өткізді.Сонымен қатар “Өнер-өмір өрнегі”деген оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. Келген бүлдіршіндер 3 топқа бөлініп, ашық сабақтарға қатысты.Ата-аналар мен бүлдіршіндер іс-шараға риза болды. Жоспарланған “Ашық есік күні” өз мақсатына жетті.