Жаратылыстану- математикалық пән бірлестігінің 13.02- 23.02 аралығында "Жаратылыстану ғажайыптары - білім әлемінде" тақырыбында онкүндігі өткізіледі.
Жаратылыстану- математикалық пән бірлестігінің 13.02- 23.02 аралығында "Жаратылыстану ғажайыптары - білім әлемінде" тақырыбында онкүндігі өткізіледі. 13.02 күні онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Мектептің 4 қабатында математика, физика, информатика, биология, химия, география пәндерінің нысандарынан көрме ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында адамзаттың бойындағы құндылықтарды сипаттайтын ойын өткізілді. Сонымен қатар, оқушылардың қатысуымен химия,физика және биология, робототехника пәндерінен тәжірибелер көрсетілді. Жоспарланған іс-шараларды өткізудегі басты мақсатымыз: Оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және адам бойындағы құндылықтарды жетілдіру.