Ағымдағы жылдың 6 наурызында Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектеп басшысының бейіндік оқыту бойынша орынбасары мектеп педагогтеріне «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Педагогтерді аттестаттауда «Шебер ұстаз-табысты оқушы» айдарымен бастау алады. Педагогтер аттестациядан өту барысында негізгі 5 қағида негізінде өтеді:
-Педагогтің үздіксіз кәсіби даму факторы;
-Білім алушылардың жетістіктері арқылы педагог қызметін объективті бағалау жүйесі;
-Өзін-өзі тәрбиелеуді және қызмет бабында өсуіне ынталандыру;
- Әлеуметтік әділдік;
-Академиялық адалдық.
Аттестациядан өтуде: оқыту әдістемесін меңгерудің ең негізгі көрсеткіші-сабақ және білім алушылардың білім сапасының динамикасы-педагог үшін қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде бағаланады.
Педагогтер аттестациялық кезеңде «Ұстаз» платформасы арқылы өтеді.
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы біліктілік талаптарына сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіншілік береді.