05.09.2024 жыл мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мың бала” мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді
05.09.2024 жыл мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мың бала” мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бұл шараға 3-11 сыныптардан 590 оқушы белсенді қатысты. ✍️
Диктант тақырыбы қазақтың көрнекті қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналды. Оқушыларымыздың өз білімдерін шыңдап, қазақ халқының тарихы мен тұлғаларын еске алу арқылы рухани-мәдени құндылықтарды бойларына сіңіріп жатқаны қуантады.
Осындай шаралар арқылы біз өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың еңбегін ұмытпай, тарихымызды дәріптеуді үйретеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын, келесі белестерге бірге қадам басайық!