“Ақпараттық технологиялар әлеміне алғашқы қадам!”
Бүгін 9-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды. Ақпараттық технологиялар колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, оқушылар кәсіби бағдар беру бойынша маңызды ақпарат алды.
Кездесу барысында оқушыларға IT саласының мүмкіндіктері мен болашағы туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, колледжде оқудың артықшылықтары мен арнайы бағдарламалары таныстырылды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, IT мамандығының қыр-сырын түсіну мүмкіндігіне ие болды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетіні сөзсіз. Келешекке нық қадам басу үшін осындай шаралар өте маңызды!