Сенім телефоны
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
“Абай мұрасы – мәңгілік қазына” әдеби кеші
07-03-2025 09:40
“Абай мұрасы – мәңгілік қазына” әдеби кеші

“Тілім менің ғасырларға аманат” апталығы шеңберінде, Қазақ руханиятының шамшырағы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай мектебімізде тағылымды әдеби кеш ұйымдастырылды. Қазақтың заңғар тұлғасы қалдырған мол мұраны дәріптеу, оның терең ойларын, асыл сөздерін келер ұрпаққа насихаттау – бұл шараның басты мақсаты болды.

Кеш барысында оқушылар Абай шығармашылығының сан қырын аша отырып, оның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, көрермендерді ақынның ғибратты мұрасына бір қадам жақындатты. Құлақтан кіріп, бойды алар әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы тиер күмбірлі күйлер орындалды. Ақын жырларындағы терең мағынаны жеткізу мақсатында сахналық қойылымдар қойылып, Абай мен Тоғжанның махаббат хикаясы әсерлі түрде бейнеленді.

Бұл әдеби кеш – Абай мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір мәрте дәлелдеген, рухани азық сыйлаған мәнді де сәнді кеш болды. Ұлы ойшылдың сөз маржандары санамызға сәуле шашып, оның өшпес өнегесі жүрегімізде жаңғырып тұр.

Абай әлемі – таусылмас қазына, сарқылмас қайнар бұлақ!